ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Ресей Қара теңіз флотының жауынгерлері соғысқа қатысудан бас тартты

МӘСКЕУ. 9 наурыз. РФ Қара теңіз флотының бір топ әскери қызметкерлері «ар-ұят тұрғысынан» Украинадағы соғысқа қатысқылары келмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік ресурстар деректеріне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Қара теңіз флоты жағалау қорғанысы 126-шы бригадасының шамамен 20 контрактілі әскери қызметкері қызметтен босатылу жөнінде баянат тапсырды. Олар бұған келісімде келтірілген шарттардың орындалмай отырғанын себеп етіп көрсеткен.

«Сирена» және «7х7» сайттары әскерилердің өздерін әскерден босату жөніндегі өтінішті өткен жылдың желтоқсан айында жазып қойғандарын жазады. Қазір олар Ресей армиясының Херсон облысындағы тіректі бекеттерінің бірінде тұр.

Бригада мүшелері бірінің «Сирена» тілшісіне айтқанындай, әскерилер баянат жазғаннан кейін көп ұзамай олардың тірек бекеттеріне «бұған дейінгі бірнеше айда көздеріне түсіп көрмеген» командирлері келіпті.

Әскери командование қызметкерлерді қызметтерінен босатудан бас тартып, олардың мерзімдік демалыс алу мүмкіндіктерін «қырқып тастаған». Сондай-ақ контрактшілерге енді «ешқайда шықпай, тірек бекетінде тым-тырыс отыра беруді» тапсырған.

«Ресей әскери қызметкерлері осылай оқта-текте дайындықтың жоқтығы салдарынан соғысқа қатысудан бас тартып жатады. Әскери командование содан кейін бірқатар бас тартушы жауынгерлерді арнайы жабдықталған өжірелерге жіберіп тұрады, онда олар ұрып-соғу мен азаптау сынағынан өтеді. Белгілі болғанындай, қазір Донбасс жерінде кемінде сондай 13 орын бар. Қорғаныс министрлігі желтоқсанның соңында далалық гауптвахталарды қайта құрып, құпия түрмелердің бәрін ашық атап көрсетуге шешім қабылдады», – деп жазады The Moscow News.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button