Ресей Қытаймен арадағы шекараны уақытша жабады
УЛАН-УДЭ. 19 ақпан. Ресей 2020 жылғы 20 ақпаннан бастап өзінің шекарасынан КХР азаматтарын өткізу бекеттерін уақытша жабады. Бұл туралы АРД агенттігі хабарлады.
Ресей Федерациясы билігінің Қытай Халық Республикасы шекарадан өткізуді уақытша тоқтатуына Covid-2019 коронавирусының тару қаупі себеп болып отыр. Мұның жаңа коронавирус инфекциясы тарауының алдын алу жөніндегі жедел штабтың басшысы, вице-премьер Татьяна Голикова мәлімдеді. Шектеу шарасының Ресейге қарай жұмыс, оқу, бизнес, туризм, сондай-ақ жеке жағдайға байланысты мақсаттармен шығатын барлық Қытай азаматтарына қатысы бар. Шешім уақытша. Ол Қытайдағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлай түсуіне байланысты қабылданып, елдің шекарасы қауіпсіздігі мен ресейліктердің денсаулықтарын сақтау мақсатына бағытталып отыр.
Бұдан бөлек, жедел штабтың ұйғарымымен Ресейге жұмыс істеу үшін шыққысы келетін Қытай азаматтарынан құжат қабылдау 19 ақпаннан бастап тоқтатылады. Бұл шара Ресейден тыс жерлердегі Қытай азаматтары үшін қолданылады.
Бұдан бұрын Ресей темір жолы Қытаймен арадағы теміржол қатынасының тоқтағанын хабарлаған еді. Сол сияқты әуе қатынасы да тоқтатылды.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 73 336 адамның коронавирус індетін жұқтырып алғаны белгілі болды. Соның ішінде Қытайда бұл вирустан қайтыс болғандар саны 2 мыңға жуықтап отыр.