ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Башқұртстан: «Біздің бұдан арғы жолымыз бұл империямен бірге емес»

ӨФӨ. 25 ақпан. Соңғы кездері Ресей Федерациясы құрамындағы Башқұртстан республикасында азаттық алуға байланысты қозғалыстар байқала бастады. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Путин былтыр Киевті 3 күннің ішінде басып алмақ болып еді, ол мұның орнына РФ шекарасына қарай топтана беттейтін батыс танктерін көрді, сондай-ақ жойылып кеткен жүз мыңнан аса ресейлік солдаттарын мәйіттерін алып, мобилизация жасауға мәжбүр болды.

2022 жылдың 24 ақпанында бүкіл әлем мүлде жаңа украиндарды көрді: олар өздерінен сан жағынан да, қару-жарақ жағынан да он есе күшті жасанған жаудың шабуылдарын қайтарып қана қойған жоқ, сонымен бірге РФ армиясының қарым-қабілеті шын мәнінде қандай екенін жалпақ жаһанға танытып берді.

Башқұрт ұлттық саяси орталығының жетекшісі Руслан Габбасов 2022 жылы «әлемде алыптардың жаңа ұлты пайда болды – олар украиндар» деп есептейді.

«Бұл алып ұлт өздерінің беттерін қайырып, құлға айналдырудың мүмкін емес екенін дәлелеп қана қойған жоқ, сонымен қатар біздің халықтарымыздың да бойларынакөп ғасырлық отаршылдық құлдықтан азат бола алатынымызға деген сенім рухын сіңдірді. Бұдан бір жыл бұрын «орыс әлемі» өзінің зұлымдықтың, жексұрындықтың және өлімнің идеологиясы екенін айғақтап берді» Жыл ішінде әртүрлі ұлттардың жүздеген мың адамын өлтірген «орыс әлемі» идеологиясы өзінің «әлемінде» бізді тек өлім күтіп тұрғанын жұрттың бәріне дәлелдеп шықты», – деп атап өтті Габбасов.

Ол бұдан бір жыл бұрын Башқұрт ұлттық қозғалысының біздің жолымыз РФ-мен бірге емес екеніне және енді Башқұртстанның тәуелсіздігі үшін күресу керек екеніне түпкілікті көз жеткізді деп жазады.

«Бұл империямен енді біздің жолымыз бір бола алмайды. Башқұрт ұлттық қозғалысы саналы түрде Башқұртстанның тәуелсіздігі жағын таңдап алды. Мұны бізге қазір Жаратушының өзі бізге беріп отыр, енді біз сол мүмкіндікті міндетті түрде 100 пайыз түгел пайдаланамыз», – деп ескертті Габбасов.

Ол Кремльмен әңгімеде келісімге келуге бармайтындарын немесе жарым-жартылай шаралармен тоқталып қалмайтындарын жазады. Республика өзінің тәуелсіздігі үшін күреседі.

Бұдан алдын блогер Анатолий Несмиян Ресейдің тарауға қарай кетіп бара жатқанын, сол кезде оның құрамынан өзінің тәуелсіздігін алуға бағыт ұстайтын бірінші кандидат Татарстан болатынын айтып еді.

Ал таяуда ғана Шешенстан лидері Рамзан Кадыров Сталиннің шешендерге жасаған геноцидін айыптап, Кремльге қарсы шығып қалды. Ол сондай-ақ Путиннің қазір украиндарды көптеп өлтіру үшін диктатордың тәртібін ұстанып отырғанын да мәлімдеді.

Ақпан айында РФ-ның экономикалық жағынан дамыған өңірлерінің өкілдері жақын арада республикалардың өз жолдарын өздері таңдайтын онлайн-референдумдары іске қосылғалы тұрғанын баяндады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button