РФ өкілі Байқоңыр тұрғындарын Украинамен соғысқа шақырды
БАЙҚОҢЫР. 13 ақпан. РФ өкілі Байқоңыр қаласының тұрғындарына ақшаға Украинаға қарсы Ресей жағында соғысуды ұсынып жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Байқоңыр қалалық прокуратурасының ақпаратында: «Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 46 қаулысымен мобилизацияланған азаматтарға, сондай-ақ ерікті түрде арнайы соғыс операциясына қатысуға тілек білдірген және әскери қызметтен өту жөнінде келісімшарт жасасқан Байқоңыр қаласында тұратын азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету шарасы ретінде 260 мың рубль көлемінде бір реткі ақшалай төлем қарастырылған», – деп жазылған.
Төлем төлеу тәртібіне сай, әскери қызметкер немесе оның өкілі Байқоңыр қаласы әкімшілігінің әлеуметтік қорғау басқармасына қалыптасқан форма бойынша бір реткі ақшалай төлем төлеу жөнінде өтініш береді. Өтініш қаралғаннан кейін бір реттік төлем қаржысы әскери қызметкердің өтініште көрсетілген Ресей Федерациясы кредиттік ұйымдарындарындағы есепшотына түсіріледі.
Қазір Facebook әлеуметтік желісінде осы оқиғаға байланысты ашу-ызаға толы наразылық білдірілген жазбалар қаптап шығып жатыр. Онда бүкіл қазақ қоғамы Ресейдің Украинадағы басқыншылық, жаулап алушылық соғысын қолдамайтыны айтылуда.