25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Кадыровшылар Мелитопольде ресейлік журналисті зорлап, операторды ұрған

31 Қаңтар 2023 10:19
- Жаңалықтар, Оқиға
Кадыровшылар Мелитопольде ресейлік журналисті зорлап, операторды ұрған
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 31 қаңтар. РФ армиясы сапындағы кадыровшылар уақытша жаулап алынған Мелитопольде ресейлік тележурналисті зорлап, оның операторын соққыға жыққан. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.

«Запорожье облысының уақытша жаулап алынған Мелитополь қаласында Ресей басшылығы қазіргі күндері үн-түнсіз «жауып тастағысы» келіп отырған инцидент орын алды», – делінген хабарламада.

Мелитопольде кадыровшылар Кремльдің пропагандасына жұмыс істеп жүрген ресейлік тележурналист қызды зорлап, операторды ұрып-соққан.

«Донбасс оперативный» телеграм-каналының жазуынша, Ресейдің НТВ телеарнасының басшылығы осы оқиғаға байланысты РФ Тергеу комитетіне шағым түсірген. Онда қалыптасып отырған жағдайды жан-жақты тексеріп, бұған заң тұрғысында шара қолдану сұралған.

Рас, «Донбасс оперативный» телеграм-каналының мәліметінше, Ресейдің әскери басшылығы болса, «армияның беделін түсірмеу үшін» істі жауып тастатуға күш салып жатқанға ұқсайды.

Құжаттың өзінде 2023 жылғы 17 қаңтарда кадыровшылар Ресейдің НТВ телеарнасының Запорожье облысына жұмыс сапарымен барған операторын жабылып соққыға жығып, журналист қызды зорлағаны айтылады. Оқиға уақытша басып алынған Мелитопольдегі «Вороноцовский» мейманханасында орын алған.

Құжатта бұдан бөлек, мұны «Ахмат» арнайы бөлімшесінің содырлары жасағандары атап көрсетілген. Яғни, бұл сойқандар қазіргі күндері Мелитопольде жүрген, бұған дейін «соғысып» жатқандарын тик-ток арқылы көрсетулерімен мазақтама даңқтары тараған және осындай жанжалдарымен талай рет танылған кадыровшылар көрінеді.

«Диалог.Ua» порталының дерегіне қарағанда, мұның бастаушысы жай «Рамзан Кадыровтың асыранды төбеттері» ғана емес, Шешенстан басшысының ең жақын адамдарының бірі – туған жиені болып шықты.

Басылым «Ахмат батальоны» терроршыларының құрбандығына ұшыраған бойжеткеннің де аты-жөнін ашып айтып отыр. Ол – Ольга Зенкова (жоғарыдағы суретте), «Арнайы әскери операцияның» барысын көрсету үшін» Запорожье жеріне келген НТВ журналисі. Оларға Кадыровтың жиені – «Ахмат» СОБР-ы командирінің орынбасары Хасан Ибрагимов (төменгі суретте ол нағашысымен бірге) пен оның күзетшілері «Путин деген ешкім емес» деп айқайлап, тап беріп, алдарынан шыққан операторды ұрып тастап, қызды ойларына келгенше қорлаған.

Қазір бұл шулы істі тып-тыныш жауып тастауға Кремльдің өзі мүдделі болып отырған секілді.

Интернет-ресурстың атап көрсетуінше, бұдан шамамен бір айға жуық уақыт бұрын Хасан Ибрагимов басып алынған Қырым жерінде де осыған ұқсас оқиға бойынша ұсталған екен. Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалғандықтан, жасырудың еш орайы келмепті. Бірақ жазаға тартылмаған, дереу батальон сапында Запорожье жеріне жіберілген.

 

Таңбалар: журналистзорлықкадыровшыларХасан Ибрагимов

Ұқсас мақалалар

БАҚТИЯР БАҺАДҮР
Жаңалықтар

БАҚТИЯР БАҺАДҮР

13.08.2026
ЖЕТПІС ҮШІНШІ БАПКЕР
Жаңалықтар

ЖЕТПІС ҮШІНШІ БАПКЕР

14.07.2026
БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ
Таным

БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

06.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist