Путинді қолдайтын ақжолдық депутат партиядан шығарылды
АСТАНА.19 қаңтар. Кеше Украинаға соғыс ашқан Путиннің әрекетін қолдайтынын білдірген Мәжіліс депутаты бүгін партия қатарынан шығарылды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Парламент Мәжілісіне «Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Азамат Әбілдаев «Азаттық радиосының» тілшісіне берген сұхбатында өзінің Ресей президенті Владимир Путиннің оккупациялық іс-әрекеттерін қолдайтынын ашықтан-ашық баяндады.
Бұған қазақ қоғамы түгел өре қарсы көтеріліп, мәжілісменді қатаң сынға алды.
Бүгін осы инцидентке байланысты «Ақ жол» партиясының ұлттық кеңесі отырыс өткізді. Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтың Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді. Кеңес мүшелері оның мәлімдемесі «Ақ жол» партиясының позициясына қарама-қайшы келетінін, тіпті партиялық және депутаттық этикаға да сай еместігін атап өтті.
Нәтижесінде Ұлттық кеңес Азамат.Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады. Осыған орай депутаттың мандатын тоқтату туралы Орталық сайлау комиссиясына хат жолданды.