Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Аты аңызға айналған актриса Джина Лоллобриджида дүниеден өтті

РИМ. 16 қаңтар. Бүгін Римде Итальянның әлемдік деңгейдегі атақты актрисасы Джина Лоллобриджида жасы 96-ға қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Актрисаның атағы «Фанфан-Тюльфан» (1952), «Түнгі сұлулар» (1952), «Париж Құдай-анасының соборы» (1956), «Сабан жесірі» (1964) фильмдері арқылы дүйім елге жайылды.

Джина Лоллобриджида «Италия Республикасы алдында сіңірген еңбегі үшін» ұлы офицер орденімен, Құрметті легион кавалері орденімен марапатталған, ал 2018 жылы Лос-Анджелестегі Голливудтың Даңқ аллеясынан атаулы жұлдыз алды.

Кейін Джина Лоллобриджида атанатын Луиджина 1927 жылғы 4 шілдеде Италияның орталық бөлігіндегі Субьяка деген қалада жиһаз жасайтын шебердің отбасында туған. Отбасында одан басқа тағы Джулиана, Мария және Фернанда деген үш қыз болды. Олар балалық шақтарын табиғаты керемет, тау басындағы шағын ауылда өткізді. 1945 жылы отбасы Римнің шет жағына көшіп келді, осында Джина көше суретшісі ретінде өзінің алғашқы табыстарын тапты. Сол кезде ол операдағы вокалдан дәріс те алып жүрді. Луиджина бала жасынан мүсінші немесе опера әншісі болуды армандаушы еді. Осы тұстары бірнеше рет киноға түсуге шақырылды, бірақ ол ылғи бас тартумен болды. Дегенмен, анасының үгіттеуімен бір күні түсіру алаңына да келді. Луиджина бірінші рет түскен бұл фильмнің аты «Қара қыран» еді, картина 1946 жылы экранға жолдама алды…

Джина Лоллобриджида 1949 жылы ұлты серб дәрігер Милко Скофичке тұрмысқа шықты. 1957 жылы 28 шілдеді олардың тағы бір Милко есімді ұлдары өмірге келді. 1971 жылы ерлі-зайыптылар ажырасты. 1979 жылы актрисаның бұрынғы күйеуі жол апатынан қаза тапты. Қазіргі таңда ұлы Милко экономист болып істейді. Оның әйелі – журналист, Дмитрий деген жалғыз ұлы бар.

Джинаның немересі Франческа Лоллобриджида (1991 жылғы) – коньки тебуден 2022 жылғы Олимпиялық ойындардың жүлдегері, Еуропаның чемпионы.

Соңғы күндері сондай-ақ Ресейдің белгілі актрисасы Инна Чурикова мен грузиннің даңқты актері Вахтанг Кикабидзе де қайтыс болған еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button