Зеленьский: Жақын айларда соғыс аяқталатынына сенеміз
КИЕВ. 1 желтоқсан. Украина президенті Володимир Зеленьский басқыншы Ресеймен соғыстың жақын айларда өздері үшін жеңіспен аяқталатынын айтты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Зеленьский The New York Times, DealBook Summit басылымдарына берген сұхбатында өзінің осыған үміт артатынын жеткізді.
«Соғыс біз жеңіске жеткен кезде немесе Ресей Федерациясы осыны қалаған кезде аяқталады. Мүмкін бұл Ресей өзінің әлсіз екенін, оқшау қалдырылғанын және бұл мәселеде өзін қолдайтын ешкімнің қалмағанын сезінген кезде болатын шығар. Біз соғыстың жақын айларда аяқталады деп сенгіміз келеді», – деді Украина президенті.
Зеленьский егер Украина бұл соғыста шыдас бере алмаса, ұрыс қимылдарының басқа елдердің территорияларына қарай ауысатынын, Ресей жеңіске жете қалса, онымен тоқтамайтынын, тағы да да басқа мемлекеттерді басып алуға әрекет жасайтынын мәлімдеді.
Президент сонымен қатар Украинаның бұл күресте өз адамдарының өмірлерін өтеуге беріп жатқанын атап өтті. Ол АҚШ-тың өз беріп жатқан қару-жарақтарының қайда жарытылып және пайдаланылып жатқанын тексеруіне болатынын, бірақ көмек көрсетуін тоқтатпауы керекттігін басып айтты.