Пентагон Киевке Ресей жеріне соққы беруге рұқсат ету жайын қарайды
ВАШИНГТОН. 28 қараша. Пентагон Ресейдің алыс тылына соққы бере алуы үшін Украинаға аз габаритті дәл соққылы бомбылар беру мәселесін қарайтын болды. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
АҚШ-тың Қарулы күштеріне мұндай ұсынысты Вoeing компаниясы білдірді. Ол Украинаға аз габаритті, дәл соққылы бомбыларды батыл беру керек екенін алға тартты. Бұлар Киевке Ресейдің шекарадан алыс жатқан аудандарына дәл соққы жасауға мүмкіндік береді, деп жазды осы орайда Reuters агенттігі Boeing-тің дайындаған құжатына сілтеме жасай отырып.
Әңгіме шағын диаметрлі жер базасындағы GLSDB бомбысы жайлы болып отыр. Оның алдағы көктемде-ақ Украинаға жеткізіліп берілгелі тұрғанын үш мәнбе атап отыр. GLSDB-ның ұшу қашықтығы 150 шақырымға барады. Ол Украинаның бұған дейін қол жетпей келген қашықтықтағы әскери нысаналарды бақылауға алуына жол ашады. Осы арқылы қарсы шабуылды күшейтеді.
Бұған қоса, GLSDB бомбысы GPS-тың көмегімен басқарылады, сондықтан оны кез келген ауа райы жағдайында пайдалануға болады, ол тіпті бронды машиналардың өзін тесіп өте береді.