Екібастұздағы апат бір жыл ішінде екінші рет қайталанып отыр
ПАВЛОДАР. 28 қараша. Павлодар облысындағы Екібастұз жылу-энергия орталығында жыл ішінде екінші мәрте апатты жағдай болып жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Агенттік тілшісі бұл кәсіпорынның олигарх Александр Клебановтың қарамағында екенін атап көрсетіп отыр.
«Екібастұзжылуэнергия» ЖШС Екібастұз жылу-энергия орталығының еншілес кәсіпорны болып табылады. Оның құрылымы Клебанов басқаратын «ЦАТЭК» акционерлік қоғамының құрамына кіреді.
Екібастұзда жылға жетпейтін уақыттың ішінде мұндай апат екінші дүркін қайталанып отыр. Мұның алдында, 20 наурызда Петропавльдағы жылу-электр орталығында да үш тұрбаның бірінің құлап түсуі орын алған еді. Құлаған құрылыстың астында бір адам қаза тапты. Апатқа Клебановқа бағыныстағы адамдардың кінәлары бар екені анықталды.
Александр Клебанов – елдегі ең бақуатты адамдардың бірі, ол Қазақстанның аса бай 50 бизнесменінің қатарына кіреді. 2022 жылдың көктемінде оның байлығы $580 млн-ға бағаланды, мұны теңгеге шаққанда, 270 миллиард болып шығады. Олигарх Назарбаев кланымен тығыз байланыста, осыншалықты қазынаға соның арқасында қол жеткізгені белгілі болып отыр. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың сенімді өкілі көрінеді.
Еске сала кетейік, 27 қараша күні түнде жылу-энергия орталығындағы жылу қазандықтарының бірі істен шыққан Екібастұз қаласы 30 градустық аязда жылусыз қалды.