Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Қордайдағы жанжал кезінде 8 адам қаза болды

ТАРАЗ. 8 ақпан. Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жанжалдан 8 адам қаза тапты. Бқл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Радио тілшісі мұны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне сүйеніп жазды.

«Қақтығыс кезінде ондаған адам жарақат алды, сегіз адам көз жұмды», – деді министр бүгін брифинг кезінде.

Министрдің айтуынша, екі полицейге оқ тиіп, жараланған, тағы 30-дан астам үй, 15 сауда нысаны қираған, 23 көлік бүлінген.

«47 адам полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшылық мылтығы тәркіленді», – деді Тұрғымбаев.

Ол «барлық кінәлілердің жауапқа тартылатынын» айтты. Қазіргі кезде жанжал болған елді мекендерді полиция бақылап тұр. Министр жағдайдың тұрақтанғанын тілге тиек етті.

Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы бірнеше елді мекенде тұрғындар арасында жанжал болды. Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. Полиция «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізе бастады.

8 ақпанға қараған түні полиция жанжал болған аумақты қоршап, ол жаққа ешкімді өткізбеді.

Осы кезде әлеуметтік желіде дұнғандардың Алматы мен Таразда да бой көтеріп жатқандары туралы айтылып жатыр. Ал «Азаттық» радиосы оңтүстік мегаполисте бүгін таңертең полиция мен ұлттық гвардия жасағы «Барахолка»» базары аумағын қоршағанын жазады. Полиция өкілдері оқиғаны өрт сөндіру жаттығуларымен байланыстырған. Олар шараның Қордайдағы жанжалға байланысты емес екенін айтқан. Дегенмен, қаладағы ірі «Ялян» базары маңында өрт сөндірушілер көліктері көрінбейді, есесіне полицейлер мен жүк көліктері көп. Базар жабылған.

«Азаттық» тілшісі әзірге полициядан жауап ала алмаған.

Еске сала кетейік, ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты бірнеше елді мекенде тұрғындар арасында жанжал туған. Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. Билік адам шығыны болғанын айтты. Бірақ нақты санын ашып айтпады. Полиция «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізе бастады. 8 ақпанда таңертең жанжал болған ауылға барған «Азаттық» тілшілері ауылда өртенген үйлердің көп екенін көрген.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button