Херсон үшін соғыс әлі аяқталған жоқ, жау жаңа тәсілге көшті
КИЕВ. 10 қараша. Херсон жері үшін соғыс толық аяқталған жоқ, Ресей армиясы енді ұрыс қимылдарының жаңа кезеңіне көшіп жатыр. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Соғысты зерттеу институты (ISW) қазір Херсон бағытындағы Ресей әскерлері үшін басыңқы басты нәрсе өз күштерін Днепрдің арғы бетіне ұйымдасқан түрде шағарып алу мен украин армиясына төтеп беру болып тұрғанын атап көрсетті.
«Украинаның тамызда басталған Херсон бағытындағы қарсы шабуылы Ресей әскерлерін Днепр арқылы шегінуге мәжбүрлейтін үйлестірілген науқан, оны жер үстіндегі жойқын шабуылсыз қолға алған Украинаның қимыл-әрекеттері үлкен табыспен аяқталды», – деп атап өтті институт аналитиктері.
Украин әскерлері өткен айлардың көлемінде Ресей әскерлерінің көбірек шоғырланған жерлеріне мақсатты түрде соққылар беріп отырды. Харьков облысында бұл өзінің лайықты жемісін берді. Соның нәтижесінде бұл аймақ жаудан салыстырмалы түрде тез босатылды.
Тамыздың басында басталған Херсон бағытындағы қарсы шабуылды да украин әскерлері жан-жақты ойластырып жүргізуге көшті. Мұнда ілгері жылжу біршама қиын жағдайда жүргізілгенімен, айтарлықтай табыстарға да қол жеткізілді.
Ресей мәнбелері РФ күштерінің әкетілуі табиғи түрде жүріп жатқанын, жағдайдың өзі соған мәжбүр етіп отырғанын атап өтуде. Шетелдік аналитиктер де мұнда Кремльдің әлдеқандай арандатушылығы, жымысқы әрекеттері жоқ екенін, украин әскерлерін тұзаққа түсіру жоспарының ізі көрінбейтінін ашып айтып жатыр.
Сонымен бірге, кері шегіне бастаған орыс әскерлерінің украиндардың қарқындарын басып тастауға, олардың қимылдары баяу болуына әсер етуге ұмтылып жатқандары да байқалады.
Дегенмен, Херсонның оң жағалауы үшін болып жатқан соғыс әлі толық аяқталған жоқ.
Не дегенде де, бұл облыстағы әрекеттер соғыстың жалпы тағдырын шешіп беруге өте зор әсер ететін болады.
Британия барлауы Ресей армиясының Херсон облысының оң жағалаудан кетуі әлі бірнеше күнге созылатынын айтады. Оның пайымынша, орыстар орын қорғаныс позициясын сақтай отырып, артиллериядан атқылау арқылы өздерін қорғау жолымен жүргізеді.
Бүгін Николаев облысының Баштан ауданында украин әскерлері Снигировка қаласын жаудан аза етті. Кеше ғана мұнда қырғын соғыс жүріп жатыр еді.
Украина Қарулы күштері Херсон жеріндегі Красный Маяктағы дұшпан штабын дәл атқылау арқылы 50 оккупанттың көзін бірден жойып жіберді.