ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Ресей оккупанттары Херсон жерінде «эвакуация» аумағын кеңейтті

КИЕВ. 1 қараша. РФ-ның басқыншы әскерлері Херсон облысындағы «эвакуация» аумағын одан әрі созып, ұлғайтып жатыр. Бұл туралы «Донпресс» хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, Херсон облысының агрессорлар тағайындаған «губернаторы» Сальдо күштеп көшіріліп жатқан бейбіт тұрғындарды Днепр өзенінің сол жағалауында 15 шақырым аумаққа дейін орналастыратындарын айтқан. Бұл «шешімге» Новая Каховка, Голопристанск, Олешкино, Каховка, Горнастай, Великолепетиха және Верхнегачик елді мекендерінің тұрғындары іліккен.

ТГ-каналының мәдіметінше, «Николаевский Ванек» елді мекенінің жергілікті тұрғындарына Норильск қаласына барып тұру ұсынылған.

Тәулікте Украина Қарулы күштері Ресейдің Ка-52 маркалы екі соғыс тікұшағын атып түсірген. Оларды «Оңтүстік» күштердің әуе бригадасы Херсон облысының Берислав ауданында жойып жіберді.

Осы тұста Ресейдің Белгород облысында бірнеше рет жарылыстың орын алғаны да белгілі болды. Мұны облыс губернаторы Вячеслав Гладков баян етті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button