Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Тәулікте Украина әскерлері 300 оккупантты жаһаннамға жіберді

КИЕВ. 29 қазан. Украина Қарулы күштерінің әскери бөлімшелері тәулік ішінде 300-ге жуық ресейлік басқыншыны жер жастандырды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Бас штабтың мәліметінше, Украина Қарулы күштері өткен сөтке сүлгесінде Донецк облысының Майорск ауданында шабуылға шығуға дайындалып отырған 300-ге жуық оккупанттың көзін жойған.

«Украина Қорғаныс күштері бөлімшелерінің Майорск елді мекені ауданында нақпа-нақ берген соққылары нәтижесінде кезекті шабуылға дайындалып жатқан 300-ге таяу оккупантты жойды», – делінген хабарламада.

Келесі күні жеңіл жарақат алған 60-қа жуық ресейлік Горловканың медициналық мекемелеріне жеткізілді.

Луганск облысының Чернопоповка селосында жаудың 20-ға таман әскерилері оққа байланды, тағы 30-ға жақыны әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Басқыншылар армиясы санитарлық авиация жұмысының тұрақсыздығы мен Белгород облысы медициналық инфрақұрылымдарының дайынсыздығынан, сондай-ақ ауруханалардың жүз пайыздық деңгейде толып тұрғаны салдарынан жаралылардың жаңа лектерін көрші Воронеж облысына автобуспен апарып салуға мәжбүр болып жатыр.

Өткен тәулікте Украина Қарулы күштері Донецк облысының Водяное, Каменка және Невельское елді мекендерінде дұшпанның шабуылдарына тойтарыс берді. Бірақ оккупанттар 4 ракета мен 25 авиациялық соққы беру арқылы 70-тен аса нысандарға залал келтіріп үлгерді. Сол сияқты 35-тен аса елді мекен жау соққыларының астында қалды. Олардың арасында Донецк облысының Северск және Пречистовка, Запорожье облысының  Малые Щербаки, Херсон облысының Давыдов Брод және Малая Сейдеминуха, Николаев облысының Кобзарцы елді мекендері бар.

Соғыстың басынан бері РФ армиясы өзінің 70 мыңнан астам адамынан өлідей айырылды.

Кеше сондай-ақ украин сарбаздары жаудың Т-90АМ атты ең соңғы модельді танкін жойып жіберді.

Бүгін таңертең жау басып алған Севастопольде жарылыстар орын алғаны белгілі болды. Осыған байланысты паромдар мен катерлер қозғалысы тоқтатылған. Түнде мында ПВО үш рет іске қосылған. Қалаға украин беспилотниктері шабуыл жасағанға ұқсайды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button