Қызылорда облысы қылмыс аз жасалатын өңірге жатады
ҚЫЗЫЛОРДА. 29 қаңтар. Қызылорда облысы қылмыс ең аз жасалатын жайлы өңірлердің бірі ретінде аталып өтті. Бұл туралы baq.kz хабарлады.
Мұны аймақта 2019 жылы 5 мың қылмыс тіркелгені байқатады. Оның алдында 4 мың қылмыс тіркелген Маңғыстау облысы ғана тұр. Ал үштікті тиянақтайтын Атырау облысында 6 мың қылмыс қана тіркелген.
Заң бұзу бойынша алғашқы орынға ұрлық шыққан, ондай 130 мың жағдай тіркелген, екінші орында – тонау, үшінші орында экономикалық қылмыстар – 1 мың жағдай.
Қылмыс көп жасалған аймақтар көшінде Алматы қаласы, Алматы облысы, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары келеді.
ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылдың қаңтар-қараша аралығында елімізде 230 мың қылмыстық жасалған. Оның 53% немесе 123 мыңы осы бес өңірге тиесілі.
Бұл рейтингтің басында Алматы қаласы шыққан. Елімізде тіркелген әр бесінші қылмыс осы қалада тіркелген. Жалпы Алматыда 50 мың қылмыс тіркеліпті, оның 33 мыңы – ұрлық, 10,7 мыңы – тонаушылық.
Екінші орында Алматы облысы тұр, онда 21 мың қылмыс тіркелген.
Одан кейін Астана қаласы – 18 мың, ШҚО – 17 мың, Қарағанды облысында 15 мың қылмыс тіркелген.