ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Назарбаевтың қызы Швейцариядан жер сатып алды

ТАШКЕНТ. 20 қаңтар. Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева Швейцариядан $45 млн сомаға жер телімін сатып алды. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.

Швейцарияның La Tribune de Genève газеті бұл телімнің құны 44 миллион франк (45 миллион долларға жуық) болғанын жазды. Жылжымайтын мүлік Женева кантонындағы Коллонж-Бельрив коммунасында орналасқан. «Жер телімі Құлыбаева былтыр сатып алған Бельрив замогының территориясына барып тіреледі», деп баяндайды centralasian.org.

Газеттің ақпары бойынша, 1,5 гектарға жуық алапты алатын участок Монаконың резиденті Марк Сёрсоктан сатып алынған.

XVII ғасырда салынған Бельрив сарайы – ұлттық маңызы бар тарихи нысан. Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт жеке-дара билеген, әлі де биліктен кете қоймаған диктатордың қызы сарайды да аталған резиденттен алған. Швейцария басылымдарының өткен жылы жазған сараптарына қарағанда, ағайынды Сёрсоктар БҰҰ-ның босқындар жөніндегі бұрынғы жоғары комиссары Садруддин Ага-ханның мұрагерлері екен. Ал Садруддиннің өзі болса – мұсылман-исмаилиттердің имамы, ханзада Ага-хан ІІІ-тің ұлы. Егелері сарайды 120 миллион франкқа сатпақ болғанымен, ұзақ уақыт алушы таба алмапты. Ақыр соңында оны Динара Құлыбаеваға 62 миллион франкқа сатқан. Сол кезде баспасөз ағайынды Сёрсоктардың Женева кантонындағы екі жер телімін сататыны туралы да хабарлаған. Америкалық Forbes журналы 3,2 миллиард доллар байлығы бар деп болжаған Динара Құлыбаева сол жер телімдерінің бірін алса керек.

2009 жылы Құлыбаева осы елдегі Аньер коммунасында шамамен 75 миллион франкқа вилла сатып алған еді.

Динара мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев Орталық Азиядағы ең бай адамдардың қатарына кіреді. Forbes миллиардерлер журналының мәліметі бойынша, Құлыбаевтар өткен жылы әлем байларының ішінде 715-ші орында тұрған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button