Британия Украинаға Javelin, САУ, дрондар жібергелі жатыр
ЛОНДОН. 22 шілде. Британия Украинаға Javelin, САУ, жүздеген беспилотниктер мен ракеталар жөнелткелі отыр. Бұл туралы The Insider хабарлады.
«Ұлыбритания таяудағы апталарда Украинаға ондаған артиллериялық және танкіге қарсы қарулар мен жүздеген беспилотниктер береді», – деді Британия қорғаныс министрі Бен Уоллес.
Лондон Украинаға, атап айтқанда, 20 өздігінен жүретін (САУ) M109 маркалы 155-мм калибрлі артиллерия қондырғысын, L119 маркалы 105-мм калибрлі артилерия қаруын жеткізуді жоспарластырып қойды. Киевке сондай-ақ Javelin, танкіге қарсы батереялы радиолокациялық жүйе, 50 мыңнан астам артиллерия снаряды және жүздеген бес пилотниктер жөнелтіледі.
Уоллес мұның бәрі Украина қарулы күштерін айтарлықтай күшейтетінін атап өтті. Ол осылармен бірге басқа елдердің де көмектескелі жатқандарын, соның арқасында Ресей басқыншыларын елден қуып шығуға жол ашылатынын айтты.
Бұдан бұрын АҚШ-тың Украинаға таяу арада тағы төрт HIMARS беретінін, сөйтіп, бұлардың жалпы саны 16-ға жететіні, бұған дейін 300 шақырымға атылатын снарядтардың да жеткізілгені хабарланған болатын.