ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Украиналықтардың 93 %-ы соғыста жеңетіндеріне сенеді – сауалдама

КИЕВ. 21 маусым. Украиналықтардың айтарлықтай басым бөлігі Украина әскерлерінің елден РФ оккупанттарын қуып шығып, жеңіске жететініне сенеді. Бұл туралы gordonua.com хабарлады.

«Украиналықтардың абсолютті көпшілігі – 93 пайызы Украинаның Ресеймен соғыста жеңіске жете алатынына сенімді. Мұны «Рейтинг» социологиялық тобының 20 маусымда жүргізілген сауалдамасы қорытындысы көрсетіп берді», – делінген хабарламада.

Сауалға жауап берушілердің тек 6 пайызы ғана соғыста Украина РФ-ның шабуылына тойтарыс бере алмайды деп есептейді. Сондай-ақ 1 пайыздың мөлшерде жұрт сұраққа нақты жауап бере алмаған.

Тағы бір байқалатын нәрсе, өз елдері әскерлерінің жеңіп шығатындарына сенімді украиналықтар қатары біртіндеп өсіп келеді. Мысалы, бұл көрсеткіш қаңтарда – 56, ақпанда – 58, наурызда 64 пайыз болған.

Маусымның 18-19-ы күндері жүрізілген сауалдамаға жастары 18-ден асқан 120 украиналық қатысқан. Ол елдің уақытша жау қолында қалған Қырым мен Донбасс өңірлерінен басқа барлық аймақтарын қамтыған.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button