Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Қазақстан паспорты Ресейде 10 күнде жасалады
АЛМАТЫ. 15 қаңтар. Ресейде Қазақстан паспортын жасаудың мерзімі 80 күннен 10 күнге дейін қысқарды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі таратқан мәлімдемеге сілтеме жасаған Sputnik хабарлады.
Аталмыш жобаны елшілік Қазақстан Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметімен бірге пилоттық тәртіпте жасап шыққан. Ол Қазақстан паспортын Мәскеуде елшіліктің консулдық бөлімінде жасауды 80 күннен 10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұл үшін апспортты жасаудың негізі болуы қажет. Мысалы, Ресейден Қазақстанға тұрақты тұруға баруға рұқсат, күндізгі бөлімде оқитыны жөнінде анықтама, еңбек келісім-шарты болуы керек.
Қызметтің бағасы – 2 265 Ресей рублі. Ол шамамен 14 мың теңге немесе 37 доллар болады.