Латвияда ресейлік арналардың көрсетілуіне тыйым салынды
РИГА. 6 маусым. Латвияда Электронды БАҚ жөніндегі ұлттық кеңес Ресейдің елдегі қалған 80 телеарнасының көрсетілуіне тыйым салды. Бұл туралы Delfi.lt хабарлады.
Аталмыш шешім 9 маусымнан бастап күшіне енеді, ол РФ Украинадағы соғысты тоқтатып, Қырымды қайтарып бергенге дейін созыла береді.
Латвияның жақында қарастырылған заңнама нормаларының бірінде басқа мемлекеттің территориялық тұтастығына қауіп төндіретін агрессор-елдің бағдарламалары бұл елде жұмыс істей алмайтын болып шешілді. Осыған байланысты бірінші кезекте Украинада басқыншылық соғыс жүргізіп жатқан Ресейге осындай шара қолданылып отыр.
Тыйымға Ресейдің «Кино24», «МирТВ», «Охота и рыбалка», «Перец» және тағы басқа арналары ұшырады.
Мұның алдында Еуропа одағы РФ-ға қарсы санкциялардың алтыншы пакеті шеңберінде Ресейдің Rossiya24, TV center International, RTR Planeta (кабельді, спутникті, интернет-трансляциялы) арналары желіден ажыратылып тасталатыны хабарланған болатын.