Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Пеле Путинді Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. 6 маусым. Әлем футболының аты аңызға айналған жұлдызы, «Футбол королі» Пеле Ресей президентін соғысты тоқтатуға шақырды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

«Әлем футболының аңызы, 81 жастағы бразилиялық Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) Ресей президенті Владимир Путинді Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды», – делінген хабарламада.

«Жалғасып жатқан бұл зорлық-зомбылықты ешқандай сылтау ақтап ала алмайды. Бұл жанжал – сұмдық, ақтап алуға келмейді және жан ауыруынан, қорқыныш пен жеккөрушіліктен басқа түк те әкелмейді», – делінген оның РФ диктаторына арнап жазған ашық хатында.

«Оны тоқтатудың мүмкіндігі – мен 2017 жылы біздің соңғы кездесуіміз кезінде біздің қолымызбен түйіскен сіздің қолыңызда, – деп жалғастырады аты аңызға айналған футболшы.

Сол жолы Пеле 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатын қарсаңында болған Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) іс-шарасына қатысқан еді.

 

Суретте: Владимир Путин, Пеле және Диего Марадона (архивтік сурет)

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button