Порошенко 8 млрд долларды елден әкеткен
Киев, 17 тамыз. Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко мемлекет басшысы болып тұрған кезінде елден кемінде сегіз миллиард долларды сыртқа шығарып әкеткен. Бұл туралы oxu.az сайты хабарлады.
Тегі украин америкалық миллиардер Сэм Кислин Украинаның «Страна.ua» басылымына берген сұхбатында осындай тұжырым айтқан.
«Маған оның тек «Центрэнерго» мемлекеттік компаниясы арқылы 700-ден 800 миллион долларға дейін шығарып әкеткені белгілі», – деп түсіндірді ол. Бұған қоса, АҚШ-тың қазір П.Порошенкоға қатысты тексеру жүргізуді бастағанын мәлімдеді. Айтуынша, экс-президент Халықаралық валюта қорының миллиард долларлық кредит траншын сыртқа алып кеткен.
С. Кислиннің дерегіне қарағанда, бұл ақшалардың бәрінің «өз мақсатына жаратылмағанын» пайымдауға толық негіз бар. Олар коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру үшін жіберілген сияқты етілгенімен, соңынан бәрі «қалтаға ұрылған».
«Мұның бәрі Порошенконың пәрменімен жасалды», – деп түйіндеді сұхбат беруші өзінің сөзін.
Ол бұған Украина прокуратурасын Юрий Луценко басқарып тұрғанда, бұрынғы президенттің үстінен қозғалған барлық қылмыстық істердің ақырына дейін жететініне сенім өте аз. Миллиардер экс-президент пен Ю.Луценко «халықтың пайдасына емес, өз қалталарына жұмыс жасаған жемқорлар, олар өте көп ақща ұрлады» дегенді де қосты.
Ол өзінің тергеу ісіне көмектесуге дайын екенін атап өтті.