Украинада айуандық істеген РФ солдаттары Белгородта да соны жасауда
БЕЛГОРОД. 28 мамыр. Украинада болған кездерінде зорлық-зомбылықпен аттары шыққан Ресей әскерилері Белгород облысында да сол істерін жалғастырып жатыр. Бұл туралы nv.ua хабарлады.
«Ресей әскерлерінің дамылдау бекеті іспеттес Украинамен шекаралас Белгород облысында солдаттар зорлауына ұшырап қалған қыз-келіншектердің арыз айтулары жиілеп кетті», – делінген хабарламада.
Мұның дерегін Украина Қауіпсіздік қызметі басқыншылардың телефон арқылы бір-бірлерімен сөйлескен сөздерінен бірнеше рет ұстап алды.
«Бізде, прокуратурада зорланып қалған әйелдерден түсіп жатқан арыздар өте көп… Валуйка, Уразово, Вейдаловка [елді мекендері] территорияларынан…», – дейді бір оккупанттың РФ құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін әйелі күйеуіне.
Оның айтуынша, облысқа ротациямен елдің басқа аймақтарынан солдаттар келуімен бірге мұндай оқиғалар да көбейіп кетіпті.
«Анам айтады, олар бізге Владивостоктан келген, Ханты-Мансийскіден, Хакасиядан…», – дейді әйел.
Ол бір қыздың РФ әскерилерімен танысу оқиғасының өзін он бес солдаттың кезектесіп зорлауына апарып соқтырғанын айтып берген.