Жаңалықтар жаңғырығыТаным

РФ-ның элиталы дивизиясының офицерлері әскерден кетіп жатыр

МӘСКЕУ. 25 мамыр. Ресейдің элиталы Таман дивизиясының әскерилері Украинадағы соғысқа бармау үшін жаппай баянат жазып, отставкаға кете бастады. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

Өзінің жеке барлауының деректеріне сүйенген сайт соңғы күндері мұндайлардың қарасы көбейіп келе жатқанын атап өтті.

Атап айтқанда, барлаушылар гвардиялық 2-ші Таман дивизиясына қарасты 1-ші танк полкының әскери қызметкерлері әскери қызметтен жаппай кетіп жатқанын жазды. Мәселен, 23 мамыр күні жеке құрамның 90 пайызға жуығы осылай қызметтен кетуге рапорт жазып тапсырған.

Мәнбе сондай-ақ РФ армиясындағы моральдық-психологиялық атмосфераның өте нашар екеніне сілтеме жасайды. Әскерилер командование алға қойып отырған шабуылдың түпкі мақсаты не екенін енді түсіне бастаған сияқты. Олар өздерінің алданып қалғандарын, Украинада ешқандай да нацистердің жоқ екенін, демек, олармен соғысып қажет еместігін, мұның бәрі диктатордың империялық амбициясынан шығып отырғанын толық біліп отыр.

Ал Украинада соғыста жүрген жауынгерлер арасында өз еріктерімен тұтқынға беріле бастағандар көбейіп келеді. Олар «200-ші жүк» болып, үйге цинк табытпен қайтқанша, украин әскерлерінің қолдарына түсе салғанның өздері үшін ең тиімді жол екенін ұғынып қалды.

Украина қауіпсіздік қызметі басқыншылар солдаттарының көбі бұлайша мақсатсыз соғысудың өздеріне өлімнен басқа ештеңе алып келмейтінін біліп отырғанын баяндады.

«Оккупанттарға соғыстан шығып кетудің бұдан басқа тәсілі жоқ. Бұлай болмаған жағдайда РФ басшылығы сарбаздарды үйлеріне не өлідей, не ештеңеге жарамайтындай жаралы қалыптарында ғана қайтарады», – деп атап өтті ведомство.

 

.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button