Елбасыны кинода сомдаған актер депутат болды
Астана, 16 тамыз. Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы барысында партия атынан баратын Мәжілістің жаңа депутаттарының есімдері анықталды. Бұл туралы 365info.kz хабарлады.
«Мәжіліс депутатының мандаты премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға, актер және әнші Нұрлан Әлімжановқа, Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовке, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбековаға тапсырылды», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осы тізімдегі 4 депутаттың арасындағы Нұрлан Әлімжановтың есімі қалың көпшілікке «Лидердің жолы» киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдауы арқылы кеңінен танылды. Ал Нұржан Әшімбетов 2018 жылғы тамыздан Екібастұз қаласының әкімі қызметін атқарып келді. Сол сияқты Гүлшара Әбдіқалықова 2019 жылғы 25 ақпанда вице-министр болды. Жұлдыз Омарбекова 2019 жылғы сәуірде вице-министр болып тағайындалды.