«Мариуполь» гарнизоны тапсырманы толығымен орындады
КИЕВ. 17 мамыр. «Мариуполь» гарнизоны жауынгерлік тапсырманы толық орындады, енді бөлімшелер командирлеріне жеке құрамды сақтауға бұйрық берілді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қарулы күштері Бас штабы «Мариуполь» гарнизонының алдына қойылған жауынгерлік тапсырмаларын толық орындағанын, енді оның бөлімшелері командирлеріне жеке құрамды аман сақтап қалуға бұйрық берілгенін баян етті.
Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Facebok әлеуметтік желісінде қазір «Азовстальде» қоршауда қалған «Азов» полкының қаһарман жауынгерлерін құтқару жөніндегі операция жүріп жатқанын жазды.
Бас штаб дүйсенбі бұл жақтан ауыр жарақат алған 53 әскеридің эвуакацияланғанын баяндады.
«Тағы 211 қорғаушы гуманитарлық дәліз арқылы Еловкаға әкетілді. Сол жерде Украинаның бақылауындағы территорияға әкету үшін РФ тұтқындарымен айырбасталады», – делінген хабарламада.
«Біз Мариупольді қорғаушылардың арқасында сындарлы маңызды уақытта резервтерімізді дайындап алып, әскерлерді тиісті жерлерге көшіріп үлгердік және шетелдік әріптестерімізден қару-жарақ жағынан көмек алдық. Мариупольді қорғаушылар өздерінің алдарына командование қойған барлық міндеттерді орындап шықты. Өкінішке орай, бізде қазір «Азовстальдің» блокадасын соғыс жолымен бұзып шығатын күш жоқ. Украина үшін жалпыға ортақ маңызды міндет – Мариупольді қорғаушылардың өмірлерін сақтап қалу», –деп мәлімдеді Анна Маляр.
Осының артынша Reuters агенттігі Мариупольдегі «Азовсталь» зауытының территориясынан украин жауынгерлерін тиеп алған автобустардың сыртқа қарай шыққандарын баяндады.
Жалпы, зауыт ауласынан 10 автобустың шыққаны айтылады. Бірақ олардың қайда қарай бағыт алғандары белгісіз.
Украина президенті Владимир Зеленский «Азовстальді» қорғаушылардың батырларша шайқасқандарын атап өтіп, оларға алғыс сезімін білдірді. Ол 221 әскеридің РФ-ның тұтқынға түскен солдаттарымен алмастыру үшін жау басып алған территорияға, 53 ауыр жарақатты жауынгердің ОРДО ауруханаларына әкетілгенін айтты.