Украина «Еуровидение-2023»-ті өткізу құқығын жеңіп алды
КИЕВ. 15 мамыр. Украина «Еуровидение-2023» ән фестивалін өткізу құқығын кезекті конкурста жеңіп алды. Бұл туралы DonPress хабарлады.
Бұған украиналық Kalush Orchestra өнер тобы Италияның Турин қаласында өткен «Еуровидение-2022» ән конкурсында бас бәйгені жеңіп алу арқылы қол жеткіздірді.
Топ конкурстың финалына Stefania деген композиция аясында «Мариупольді құтқарыңдар, «Азовстальді құтқарыңдар» деген ұранмен шықты. Нәтижесінде 439 көрерменнің, 192 қазының даусын алып, барлығы 631 ұпай жинап, Гран-приді жеңіп алды.
«Save Mariupol, save Azovstal now!» Осы ұран үшін топтың дисквалификация алып қалуы да мүмкін еді.
Сол сияқты Исландияның өкілі, Systur тобыы өздерінің Еуровидение үшін әкелген әндерін шырқап болғасын, Украинада бейбітшілік орнауын ұрандатты.
«Украинаға бейбітшілік келсін! Біз сендерді сүйеміз!» – деді әншілердің бірі.
Украина президенті Владимир Зеленский бұл жаңалықты қуана қарсы алды. Ол алдымен конкурстың бас жүлдесін жеңіп алған Kalush Orchestra тобын құттықтап, оған алғыс сезімін білдірді. Мемлекет басшысы аталмыш халықаралық ән конкурсын Ресей оккупанттарынан босатылып алынатын Мариуполь қаласында өткізуге болатынын айтты.
«Келесі жылы Украина «Еуровидениені» қабылдайтын болады. Өзінің тарихында үшінші мәрте! Мұның соңғы болып қалмайтынына сенемін. Біз ендігі жолы «Еуровидение» қонақтарын Мариупольдің қабылдай алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді ол.
«Мен жаумен соғыста біздің жеңіске жететін шағымыздың қашықта емес екеніне сенемін. Украина жасасын!» – деді Зеленский соңында.
Суретте: Kalush Orchestra тобы