Оккупанттар Херсонда қатты мас болып, бір-бірлерімен атысып жүр
КИЕВ. 8 мамыр. РФ оккупанттары Херсон облысы жерінде жаппай ішімдікке салынып, бір-бірімен атысып қалып жатыр. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қарулы күштерінің Бас штабы ресейлік басқыншылардың Херсон облысында рэкетпен айналысып, «қолдары жұмыстан босаған кездерінде» қатты маскүнемдікке салынып, соның соңынан бірімен-бірі атысып қалып, пышақ сілтесіп жатқандарын баяндады.
Штаб қызметкерлері мұны оккупанттардың бір-бірімен телефон арқылы сөйлескен сөздерінен анықтаған.
«Біздің блок-пост қалыпты жұмыс істеп тұр, ал көршілеріміз неше түрліні істеуде… Олар украиндарды «тонай» бастапты. Олардан «көлік ақысына» деп, әр көліктен мың рубльден жинап алып жатыр», – дейді бір орыс әскери қызметкері әйеліне телефон арқылы.
Ол өз сөзінде сондай-ақ оккупанттардың «бос уақыттарында» арақты өкіртіп ішіп, өздерін өздері «жоюға» кірісіп кеткендерін де сөз етті. «Әбден семіріп бітті бұлар… Бәрінің де «шатырлары» кеткен… Бір постыдағылар бірін-бірі атып тастапты, бл*дь, ал екіншісіндегілер бірін-бірі пышақпен бауыздап тастаған…», – деді солдат шошынған дауыспен.
Ал әйелінің үйге қашан қайтатыны жайлы сұрағына жауынгер «9 мамырда» деп жауап берген. «Бірақ 2022 жылғы емес, 2023 жылғы», – дейді сосын анықтап.
Шамасы, өзінің соған дейін аман-сау болатын-болатынын бір құдай білетінін айтуды ұмытып кетті-ау, сірә. «Ол содан көп бұрын үйіне пластикалық пакетпен қайтып қалатын шығар» деп жазады сайт соңынан.