Украина президенті Владимир Зеленский Нобель сыйлығына ұсынылды
КИЕВ. 18 наурыз. Еуропа қауымдастығы Украина президенті Владимир Зеленскийді бейбітшілік жолындағы талмас күресі үшін халықаралық Нобель сыйлығына ұсынып отыр. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Осыған байланысты Еуропаның бір топ белді саясаткерлері – Еуропарламент мүшелері Нобель сыйлығын тағайындайтын комитетке ашық хат жазды.
«Украинаның батыл ер кісілері мен әйелдері елдегі өзін өзі басқару жүйесі мен демократия үшін күресіп жатыр. Украинаның ешкімнің алдында иілмейтін, демократиялық жолмен сайланған президенті Владимир Зеленскийден – өзінің елі үшін күресу үшін көзіне жас алып, отбасы мүшелерімен қоштасатын адамға дейін. Бүкіл Украина жұрты авторитаризмге қарсы күресуде. Біздің жұбату және қолдау сөздеріміз адам құқықтары мен бейбітшілік принциптері жолында өздерін құрбан еткендердің орнын жаба қоюы қояр ма екен», – делінген хатта.
Айта кету керек, барлық кандидаттар 1 ақпанға дейін ұсынылуы керек еді. Бірақ еуропалық саясаткерлер Зеленскийдің кандиатурасын қабылдауды және тапсырылым беру мерзімін 31 наурызға дейін созуды көптен көп өтініп сұрап отыр.
«Біз бұл арқылы процедура тәртібінің бұзылатынын түсінеміз, алайда, біздің өтінішімізді бүгінгі күннің теңдессіз ахуалы тудырып отырғанын сіздер де түсінуге тиіссіздер. Біздің демократиялық міндетіміз – демократия мен өзінің өзін өзі басқару құқығы үшін күресіп жатқан халықтың авторитаризмге қарсы тұруына қолдау көрсету», – деп түсіндіреді саясаткерлер өз позицияларын.