Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Жүздеген мың долларды әкетпек болған азамат ұсталды
АЛМАТЫ. 16 наурыз. Алматы әуежайынан екі түбі бар сөмкемен жүздеген мың долларды шетелге алып кетпек болған азамат қолға түсті. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қырағылық танытты.
«Шекарашылар мен Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері 15 наурызда ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы» Жарлығын орындау шеңберінде бір бөлігін екі түбі бар сөмкеге жасырып, елден 400 мың долларды әкетуге әрекет етушіліктің жолын кесті», – делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
Комитеттегілер 25 қаңтардан қазіргі уақытқа дейінге кезеңде ҰҚК шекара қызметкерлерінің декларация жасалмаған 900 млн теңгеден аса ақшаның елден шығарылуына тосқауыл қойғанын атап өтті.