Ахметов: Ресей – басқыншы ел, Путин – соғыс қылмыскері
КИЕВ. 5 наурыз. Донецкінің «Шахтер» футбол клубының президенті Ринат Ахметов Украинадағы соғысқа байланысты осындай тұжырым айтты. Бұл туралы Sport.ua хабарлады.
«Шахтер» командасының президенті Ринат Ахметов Ресейдің Украинаға басып кіруі жөнінде бірінші рет түсіндірме берді.
«Ресей – басқыншы ел, ал Путин – соғыс қылмыскері. Себебі, Украина қашаннан бейбіт ел еді, ешқашан ешкімге шабуыл жасап көрген жоқ. Ал қазір Ресей біздің еліміздің кенттерін, қалаларын және инфрақұрылымдарын қиратуда, бейбіт адамдар қаза тауып, зардап шегіп жатыр», – деді ол.
Бұдан бөлек, Ахметов өзінің Ресеймен бизнесінің келісім-шарттары жойылғанын, бизнеске бақылау жасаудың құрығанын, бұл елде енді ешқандай активтері де, мүддесі де жоқ екенін мәлімдеді.
Украинаның ең бай адамы украин армиясына көмегі қандай болатыны турасында өзіне қойылған сұраққа Украинаға, оның армиясы елдің егемендігін қорғауына және жеңіп шығуына, ал украиналықтардың жауға қарсы тұра біліп, аман қалуларына жәрдемін аямайтынын айтып жауап берді.