Ресей Украинаға тағы 1000 жалдамалы баскесер жібермекші
КИЕВ. 5 наурыз. Ресей армиясы Украина аумағына тағы 1000-ға жуық жалдамалы баскесерді жібергелі жатыр. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«Ресей «таяудағы күндер мен апталарда» Украинаға тағы 1000-ға жуық жалдамалыны жөнелтеді», – делінген хабарламада.
Портал бұл ақпарды АҚШ билігі арнайы өкілінің CNN телеарнасына берген сұхбатына сүйеніп жариялады.
Шенеуніктің айтуынша, Ресей командованиесі осы жалдамалылармен бұған дейін украин жерінде көбірек шығынға ұшыраған бөлімдерді күшейтуге әрекет жасайды.
АҚШ Украина жеріне бірінші лекпен келген жалдамалы жауынгерлердің «украиндар тарапынан қарсылық болғаннан кейін өздерін жаман жақтарыннан көрсетті» деп санайды. Осы соғыс барысында жалдамалылардың 200-ге жуығы өлтірілген екен.
АҚШ пен Батыстың ресми тұлғалары Ресей алдағы күндерде Украинаның Киевтен бастап көптеген қалаларына соққы берудің қарқыны мен күшін арттыра түсетінін күтіп отыр.
Еске сала кетейік, Ресей мұның алдында, соғыстың алғашқы күні-ақ Украина президенті Владимир Зеленскийді өлтіру үшін Киевке 400-ден астам «вагнершілерді» жіберген болатын. Олардың біразы сол ұрыстарда жойылды.