Молдова ТМД-дан шығу мәселесін қарағалы жатыр
КИШИНЕВ. 4 наурыз. Молдова мемлекеті Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан шыққалы жатыр. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Молдова президенті Майя Санду елдегі билік өкілдерінен сондай ұсыныс шығып жатқанын жеткізді. Ол «елдің айтарлықтай дамуы үшін Еуропа одағының жеткілікті» екенін алға тартты.
Санду Еуроодаққа кіруге өтініш берудің бірден оған қабылданатыныңды бідірмейтінін айтты. «Біз алда үлкен салмақты жолдардың тұрғанын жақсы сезінеміз. Біз оған дайынбыз. Бұл елдегі барлық азаматтардың, мемлекеттік қызметкерлер мен жеке сектордың бірлескен күш-жігері арқылы жүзеге асады», – деді ол.
Сандудың айтуынша, Молдованың қадамы онда құпталған, бірақ «ЕО стандарттарына жақындай түсу керек». «Бұл процесте көптеген шешімдер қабылданады. Біздің осы аралықта ТМД-дан шығып үлгеретін де уақытым болады», – деп атап өтті президент.