Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Дариға Назарбаева депутаттық өкілеттігін тоқтатты
АСТАНА. 25 ақпан. Бұрынғы президенттің үлкен қызы есебіндегі Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаттығының мандатын қайтарды. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.
«Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін тапсыруға, сөйтіп, өзімді қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық іс-әрекеттеріне толық арнауға шешім қабылдадым», – деді ол.
Бірақ бұлай деп айтатынындай, оның бұдан алдын қандай гуманитарлық және қайырымдылық жұмыстарымен айналысқанын біз біле алмадық. Енді жиған-тергендерін осы мақсатқа жұмсамақ болып отырмаса…
Бұдан кейін Nur Otan партиясына дауыс берген барша қазақстандықтарға, өзінің партияластарына және елдің басшысына алғыс айтты.
РАС.