26 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Астана әкімдігі ескі сауда үйін 9,5 млрд теңгеге сатып алған

17 Ақпан 2022 15:19
- Әлеумет, Жаңалықтар
Астана әкімдігі ескі сауда үйін 9,5 млрд теңгеге сатып алған
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 17 ақпан. Елорда әкімдігінің бұдан біршама уақыт бұрын ескі сауда үйі ғимаратын 9,5 млрд теңгеге сатып алғаны қоғам назарына ілігіп жатыр. Бұл туралы «Экспресс К» газеті хабарлады.

Осыған орай әкімдік өкілдерінің мәлімдеуінше, аталмыш ғимарат ақша үнемдеу мен қызмет көрсету сапасын арттыру үшін алынған.

Ал журналист Михаил Козачков Астана қалалық әкімдігі 9,5 миллиард теңгеге бағалап, сатып алып отырған ғимараттың 1917 жылы салынғанын жазды. Бүгінде сауда үйінің қызметін атқарып отырған бұл ескі ғимаратты сатып алғанша, мұнша ақшаға жаңа жай салып алуға да болар еді ғой.

«Елорда әкімдігіне қарасты «Астана шаруашылық басқармасы» атты фирма бар. Оның құрылтайшысы – әкім аппараты. 2021 жылғы көктемде бұл компания есепшотына 9,5 миллиард теңге түседі. Кейін бұл ақшаға «Sine Tempore» сауда үйін сатып алынады. Әдемі әрі еуропалық атауына қарамастан, бұл ғимарат – кеңес заманынан қалған Целиноград қаласының Орталық әмбебап дүкені. Тіпті ғимараттың бір бөлігі 1917 жылы салынған», – деп жазады журналист.

Оның айтуынша, Алтай Көлгінов басқаратын елорда әкімдігі ғимаратты ешқандай мемлекеттік тендер жарияламай, нарықтағы басқа ұсыныстарды қарастырмай сатып алған.

Ал қала әкімдігінің мәліметінше, бұл ғимарат оларға тиімді жұмыс істеп, қаржы үнемдеу үшін қажет.

«Қазіргі кезде қалалық әкімдік қарамағында 30-дан астам ұйым мен басқарма бар. Олардың ешқайсында өз ғимараты болмағандықтан, отыратын жерлерін жалға алады. Бұған жыл сайын 1 миллиард теңгеге жуық ақша кетеді. Қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан бұл ұйымдамдарды бір шатырдың астына жинау үшін «Sine Tempore» ғимаратын сатып алу туралы шешім қабылданды», – дейді әкімдік.

Бұлардың уәжіне қарағанда, осындай шешімнің арқасында жалға алуға кететін ақша үнемделеді. Бұдан бөлек әкімдіктің барлық ұйымы бір жерде болғандықтан қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша алуға мүмкіндік туады.

«2020 жылы бұл ғимараттың құны 12,6 миллиард теңге және 11,7 миллиард теңгеге бағаланған еді. Алайда, 2021 жылы тағы бір тәуелсіз бағалау жүргізіліп, оның бағасы 9,5 миллиард теңгеге болды. Ғимаратты сатып алуға қалалық мәслихат келісім берді»,– дейді әкімдіктер.

Таңбалар: Астанаәкімдіксауда үйі

Ұқсас мақалалар

Бүгін Астанада «Әбіл» көркем фильмінің премьерасы көрсетіледі
Жаңалықтар

Бүгін Астанада «Әбіл» көркем фильмінің премьерасы көрсетіледі

26.06.2026
Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады
Әлеумет

Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады

08.06.2026
Энергетика, сауда және Амур жолбарыстары. Путин мен Тоқаевтың мәлімдемелері
Жаңалықтар

Энергетика, сауда және Амур жолбарыстары. Путин мен Тоқаевтың мәлімдемелері

28.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist