Қазақ-қытай шекарасында арнайы топ тексеру жүргізуде
АСТАНА. 21 қаңтар. Қорғастағы қазақ-қытай шекарасында Қазақстан қаржы министрлігінің арнайы тобы тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бас прокуратура, қаржы мониторингі жөніндегі агенттік және Қаржы министрлігі қызметкерлерінен арнайы құрылған топ қазақ-қытай шекарасында», – делінген министрлік хабарламасында.
Ақпарға сай, олар тек экономикалық оператор уәкілдігі мәртебесіндегі импортерлерді ғана тексереді.
Тексерудің қорытындысы бойынша, заңда қарастырылған шаралар қолданылады.
Қаржы министірлігінің мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысында Қытайдан келіп өтетін импорттық операцияларды жасайтын сыртқы экономикалық іс-әрекет нарығында 7241 қатысушы жұмыс істейді. Олардың 17 компаниясы барлық импорт көлемінің 17 пайызын қамтитын экономикалық оператор уәкілдігіне қарайды.
Тексеріс кеден шекарасынан заңды түрде өтіп жатқан заттарға кедергі келтірмейді.