Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Әбіләзов елге келіп, Уақытша үкімет тізгінін ұстайтынын айтты

ПАРИЖ. 17 қаңтар. Францияда тұрып жатқан қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әбіләзов Қазақстанға оралып, Уақытша үкіметті басқаратынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Қазақстандық оппозиционер өзінің премьер-министр болғысы келетінін айтып, Батыстан осыған көмектесуді сұрау ниеті бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, француз президенті Эммануэль Макронға бұл жайында білдірген.

«Біз билікті ауыстырудың жоспарын жасап қойдық, режимнің кетуіне қол жеткіземіз. Мен Қазақстанға ұшып келіп, жарты жылдай Уақытша үкіметті басқаратын боламын. Содан кейін сайлау жарияланады. Егер онда біздің партия жеңіп шығатын болса, мен ашық түрде премьер-министр боламын. Президенттің лауазымы болмайды. Біз бұл лауазымды жоямыз», – деді Мұхтар Әбіләзов.

Бұрынғы банкир сондай-ақ 2004 жылы бизнестегі әріптесі Ержан Тәтішевтің қазасы үшін Қазақстанда сырттай өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген болатын. Ол өзінің елге оралатын шағы «өте жақын» екенін айтты.

Әбіләзов өзінің жоспарларын жүзеге асыру үшін батыс елдерінің лидерлерінен көмек сұрағысы келетінін баяндады.

Мұның алдында ол Қазақстанда қаңтардың басында орын алған наразылық қозғалысы мен жаппай тәртіпсіздікті өзі ұйымдастырғанын, оны Киевте орналасқан өз партиясының орталығы арқылы жасағанын мәлімдеген еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button