Сағынтаевты оставкаға жіберу жайлы петиция авторы ұсталды
АЛМАТЫ. 15 қаңтар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы петиция жазған Дияр Жұмәділов ұсталды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Бүгін Алматыдағы Әл–Фараби даңғылы мен Қожанов көшесінің қиылысындағы көпірде «Сағынтаев отставкаға кетсін» деген хэштегі бар 5 метрлік баннер пайда болды. Біз қалалар мен облыстар әкімдерінің сайланып қойылуларын талап етеміз», – делінген Қазақстан жастары ақпарат қызметінің хабарламасында.
Сонымен бірге, Жұмәділовтің өзінің ұсталғаны айтылады.
«Мен, Алматы қаласының тұрғыны, Сағынтаевты өзімнің әкімім ретінде көргім келмейді, мен оны қабілетсіз басшы санаймын. Болған оқиғалардан кейн ін оның осыншалықты оғары лауазымды қызметті ұстап отыруға моральдық құқы жоқ. Қазір Алматыда, сосын бүкіл Қазақстанда әкімдерді мажиторлық жүйемен, яғни тізім бойынша емес, нақтылы үміткерлер бойынша сайлаудың жақсы мүмкіндігі туып тұр. Халық сайлаған әкім қаланың игілігі үщін жұмыс істейтін болады», – деді ол.
Қазақстан жастары ақпарат қызметінің дерегі бойынша, Жұмәділов Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген.