Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Михаил Саакашвили Грузияға қайтып оралғанын айтып отыр

ТБИЛИСИ. 1 қазан. Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили бүгін Грузияның Батуми қаласында жүргенін жариялады. Бұл туралы «Неміс толқыны» радиостанциясы хабарлады.

Өзінің Батумиде жүргенін мәлімдеген Саакашвили видеожазба арқылы елдің халқына үндеу таратты. Онда барлық тұрғындарды 2 қазан күні өтетін сайлауға қатысуға шақырды. Ал Грузяның ішкі істер министрлігі экс-пезиденттің елде жүргенінен хабарсыз екендерін жеткізді.

Бұрынғы президент Михаил Саакашвили елде өткен сотта бұрын сырттай сотталған болатын. Осындай жағдайда ол өзінің отанынан қайта оралғанын айтып жатыр. Ол жұма, 1 қазан күні өзінің Facebook-тағы парақшасында аталған видеоны жариялаған болатын.

«Мен сіздерге Батумиден сәлем жолдаймын. Барлығыңызды 2 қазан күні өтетін жергілікті депуттарды сайлауға қатысуға шақырамын. Біз онда міндетті түрде жеңіске жетіп, той тойлайтын боламыз», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Осы күні Грузияда Батумиге бронды техникаларды жіберу қызу басталып кетті. Бірақ оны ішкі істер министрлігі Саакашвилидің мәлімдемесіне орай жасап жатпағандарын атап өтті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button