Ақын Дәулеткерей Кәпұлы үшін дерек
Дәулеткерей!
Жұмабек Тәшенов!
Біз әлі қадіріне жетіп болмаған ғажайып ұлтшыл тұлға! Сөздің тура мағынасындағы ұлт Батыры!
Жер – біздің Отанымыз! Оңдасынов, Тәшенов Жерді қорғап қызметінен кетті. Олар Отан қорғаушылар. Енді біреулер жерді үлестіріп, кеудесіне қос-қостан Жұлдыз тақты. Енді бірі жерді «сатып» ен байлыққа кенелді. Бұлар Отанын сатушылар! Бір анадан бірге туған егіздің сыңары болса да, туған ағаң болса да аяуға болмайды оларды. Өлідей болса да әшкере ету керек оларды. Билік сабақ алсын! Кейінгі ұрпақ Отаншыл болып тәрбиелену үшін.
Жұмекең көзін көрген азамат. Болмысы бөлек еді. Мына ескерткіш қайда тұрғызылған?
О, ол кісіге тұтас қазақ елі қарыздар! Оның атқарғаны азаматтық парыз! Ал, тұтас қазақ халқы үшін өтелмейтін қарыз!
Сөздің асыл мағынасындағы, Азамат рухына тағзым!
«Егемен Қазақстан» газеті Ж.Тәшенов туралы неге материал ұйымдастырмайды? Кезінде (С.Қ.) Жұмекең Тәшеновті сүтке тиген күшіктей еткен, әбден сынаған, боқтаған осы қарабет газет еді ғой. Кезіндегі қатесін жөндеу үшін де бүгінгі «Егемен Қазақстан» Нұртас Оңдасынов, Жұмабек Тәшенов жайында материалдарды жиі жариялауы (ұйымдастыруы) керек қой. Мен мына пысықай Дарқан Қыдырәліні түсінбеймін. Не үшін отыр? Газет оқылудан қалды…
Құлбек ЕРГӨБЕК
Facebook парақшасынан сол қалпы алынды.