Өзбек спортшылары Токиоға 500 қалбырмен палау ала келді
ТОКИО. 3 тамыз. Токиода өтіп жатқан Олимпиялық ойындарға келген Өзбекстен спортшылары өздерімен бірге 500 қалбырға салынған палау әкеліпті. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
«Өзбекстан спортшылары Токиодағы Олимпиялық ойындарға палау мен дәстүрлі тандыр нан ала келді», – делінген хабарламада.
«Біз өзімізбен бірге Самарқанд палауы мен Ташкенттегі дәстүрлі классикалық палауды ала келдік. Барлығы 500 қалбыр болады. Сондай-ақ 200 шамалас тандыр нан ме сиыр етін әкелдік. Біз оларды Олимпиялық ауылдағы басқа спортшыларға да береміз. Жақында солай бірнеше тандырды Ресей спортшыларына сыйладық», – дейді Өзбекстан делегациясының өкілі.
Ойындарда Өзбекстан құрамасының 71 спортшысы өнер көрсетуде. Әзірге олар екі медаль жеңіп алды. Мәселен, Улугбек Рашитов таэквондадан Олимпиада чемпионы атанса, дэюдошы Давлат Бобоновтың еншісінде қола медаль бар.
Бүгін Өзбекстанның екі боксшысы – Рио Олимпиадасының чемпионы Шахобиддин Зоиров (52 кг) пен құрама сапындағы қазақ жігіті Елнұр Әбдірайымов (63 кг) жарыс жолынан шығып қалды. Бұлардың біріншісі филиппиндік Карло Пааламға бірінші раундта қасы жарылып кетуіне кейін жол беріп алса, екіншісі армян Овенес Бачковтан 0:5 есебімен ұтылды. Енді бұл елдің бір ғана боксшысы – 91 килодан ауыр салмақтағы Баходир Жалолов қана медаль үшін таласа алады.
Ал Риода өзбектер 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған еді.