Өзбекстан тұрғындарының саны 34 миллион адамнан асты
ТАШКЕНТ. 22 шілде. Өзбекстан тұрғындарының саны шілде айының басында 34 миллион адамнан асты. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, республика тұрғындары 2021 жылғы 1 шілдеде 34 860 170 адамға жеткен. Бұл жыл басынан бері 2 пайызға өскенін білдіреді.
2021 жылғы 1 қаңтарда Өзбекстанда 34 558 900 адам тұратыны белгілі болған.
Жоғарыдағы халық саының 17,7 миллионы қалалық, 17,2 миллионы далалық жерлерде тұрады.
Аталған халық мөлшерінің 30 миллионға жуығын өзбектер құрайды.
Ал қалғанәлемдегі өзбектер саны 5 миллионға жуықтайды. Атап айтқанда, Ауғанстанда – 1,5 млн, Тәжікстанда – 1,2 млн, Қырғызстанда – 900 мың, Қазақстанда – 650 мың, Ресейде – 289 мың, Түрікменстанда – 250 мың, Түркияда – 75 мың, Пәкістанда – 70 мың, АҚШ-та – 50 мың, Украинада – 12 мың, Қытайда 10 мың өзбек нәсілі тұрады.