Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Токиодағы спортшылар арасынан ковид жұқтырғандар шықты

ТОКИО. 18 шілде. Токиодағы Олимпиялық ауылда спортшылар арасында бірінші рет коронавирус жұқтырып алған спортшылар табылды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«Токиодағы Олимпиялық ауыл территориясында тұрып жатқан екі шетелдік спортшының жаңа коронавариусты жұқтырған-жұқтырмағаны жөніндегі тесті оң нәтиже берді», – делінген хабарламада.

Ақпар «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің сайтында жарияланды. Бірақ кеселге тап келген спортшылардың аты-жөндері атап көрсетілмейді.

Бұдан бөлек, құжатта 18 шілдеде Олимпиялық ауылда тұрмайтын бір спортшыдан, бір БАҚ қызметкерінен, олимпиялық нысандарда жұмыс істеп жүрген бір жұмысшыдан қауіпті кеселдің белгісі шыққаны айтылады. Олардың бірде-бірі Жапония азаматы емес.

17 шілдеде ұйымдастыру комитеті Олимпиялық ауыл территориясынан коронавирустың табылғанын баян етті. Сол күні Ойындарға қатысы бар тағы бір адамның сырқат жұқтырып алғаны анықталды.

Жапонның Kyodo агенттігі «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті өкіліне сілтеме жасап хабарлағандай, жексенбіде ковид жұқтырған екі спортшының Олимпиялық ауылда тұратыны белгілі болған. Олар спорттың бір түрімен айналысатын бір елдің азаматтары екен. Бұдан бөлек, ковид белгісі табылған үш спортшы спорттың бір түрінің өкілдері болып шықты.

Токиодағы Олимпиялық ойындар 2020 жылғы 24 шілдеде басталып, 9 тамызда аяқталуға тиіс болатын. Бірақ пандемия салдарынан оны бір жылға кейінге шегеруге тура келді. Сөйтіп, ол биылғы 23 шілдеде сөреден шығып, 8 тамызда мәреге жететін болып отыр. Ойындарды ұйымдастырушылар оны шетелдік жанкүйерлерсіз өткізуді ұйғарды. Ойындарды жергілікті тұрғындар да тамашалай алмайды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button