АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Шымкентте жыландар жер үйлерге шабуылдап жатыр
ШЫМКЕНТ. 31 мамыр. Шымды қаланың тұрғындары үйлеріне жыландардың қоймай шабуыл жасап жүргендері жөнінде шағымданып жатыр. Бұл туралы «Sputnik Қазақстан» хабарлады.
«Шымкентте тұрғын үйлер жыландардың кіріп кетіп жатқан бірнеше оқиғасын бастан кешті. Оқиға орнына келген құтқарушылар бауырымен жорғалаушыларды ұстап алып, қауіпсіз жерлерге жіберді», – делінген хабарламада.
Қала тұрғындарының бірқатары түн сайын солай шақырусыз келген жыландармен бетпе-бет келіп жатқан.
Ведомстводағылар жыландардың бұлайша буырқаныс танытуларын олардың сәуірдің ортасынан басталған шағылысу кезеңімен байланыстырып отыр. Бұл уақыттарда жыландардың шектен шығып кететіндері сондай, адамдарға да шабуыл жасай беретін көрінеді.