Жаңалықтар жаңғырығыОқиға
Бір әйел 13-тегі қызын $3,5 мың долларға сатпақшы болды
ТАШКЕНТ. 31 мамыр. Ташкенттің Учтепе ауданында әлі кәмелетке толмаған қызын 3 500 долларға сатпақшы болған бір әйел ұсталды. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
Хабарланғанындай, жедел-іздестіру шаралары кезінде өзінің 13 жасар қызын саудаға салып жүрген күдікті La Piola ресторанында қолға түскен.
Ұсталушының айтуынша, ол қызын сатқаннан түсетін ақшаға үйін жөндетіп, күйеуін емдетпекші болыпты.