Португал Жозе Моуриньо «Романың» тізгінін ұстайды
РИМ. 4 мамыр. Бүгін Римнің «Рома» футбол командасының тізгінін португалиялық коуч Жозе Моуриньоның ұстайтыны белгілі болды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Клубтың баспасөз қызметі баяндағандай, командаға жаңа бас жаттықтырушының келетін уақыты биылғы жазға белгіленген.
Португал Жозе Моуриньо жақында Лондонның «Тоттенхэм Хостпур» командасынан қуылып кеткен еді. Ол енді Рим клубын жаттықтыратын Паулу Фонсеканы алмастырмақшы. Ал Фонсеканың контрактісі 30 маусымда аяқталады. 48 жастағы маман «Романы» 2019 жылғы 1 маусымнан бері басқарып келеді. Қазір оның ұжымы 34 турдан кейін 55 ұпаймен 7-орында тұр.
Биыл «Рома» Еуропа лигасының жартылай финалына шықты. Ол бірінші ойында сырт алаңда ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасына 2:6 болып күйрей ұтылды. Екінші жартылай финалдық матч 6 мамыр күні түнде ойналады.