6 Қыркүйек, 07:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаңақорғанда салынып жатқан мектептің несі жетіспейді?

8 Ақпан 2020 10:59
- Аймақ, Жаңалықтар
Жаңақорғанда салынып жатқан мектептің несі жетіспейді?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 ақпан. Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде салынып жатқан №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектептің жаңа ғимаратының жобасы туралы айтылып жатқан пікірлерге тиісті орындардан жауап қайтарылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

«Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде салынып жатқан №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектептің жаңа ғимаратының жоба құнына байланысты әлеуметтік желі беттерінде түрлі пікірлер айтылған болатын. Осыған орай құзырлы орындар тарапынан жүргізілген зерттеу нәтижесі белгілі болды», деп жазады агенттік тілшісі.

Негізі, мектеп 600 балаға арналған екен. Оның жобасын дайындауға 2018 жылы аудандық бюджеттен 14,8 млн теңге қаржы бөлінген. Осыған сәйкес, кент әкімінің шешімімен Б.Байкенжеев көшесінің бойынан мектеп ғимаратын салуға жер учаскесі бөлінді. Бұл жер инфрақұрылыммен толық қамтылған, №169 Н.Илялетдинов орта мектебінің ескі ғимаратына жақын орналасқан. Мектеп оқушыларының қатынауына да қолайлы. Сондай-ақ, осы жерге шоғырланған 8 мыңнан астам тұрғын сұранысын қанағаттандырады.

«Мектептің жобалау-сметалық құжаттары өткен жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысына ие болды. Жобаның жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Алайда, оның 2,4 млрд теңгесі құрылыс-монтаждау жұмыстарына, 23 млн теңгесі авторлық қадағалауға, сондай-ақ 63,5 млн теңгесі техникалық қадағалауға қаралған. Осы жерде атап өту керек, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары және ережелерінің қағидаларына сәйкес, Жаңақорған кенті сейсмикалық аймаққа жатқызылады. Сондықтан инженерлік-геологиялық іздестіру қорытындысы негізінде мектеп ғимараты 7 балға сәйкестендірілді. Нысанның сейсмикалық талабы ескерілгендіктен, оның құрылыс-монтаждау жұмыстарына қосымша 450 млн теңге есептелген. Сонымен қатар, жерасты суларының жоғары деңгейде болғандығы да ескерілді. Жобалау-сметалық құжаттамада 600 млн теңгеге жуық қаржы, жер жұмыстарын қолданыстағы нормативтік-техникалық талаптарға сәйкестендіру үшін қаралып отыр. Жоғарыда аталған талаптар жобаның қымбаттауына әкеп соққанымен, балалар қауіпсіздігі бұл жерде бірінші кезекке қойылып отыр», – деді Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков.

Білім ордасы орналасқан аумақтың геологиялық зерттеу қорытындыларына күмән болуына орай, Қызылорда облысының құрылыс-сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан өткен жылдың қазан айында инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстарына қайта тапсырыс берілген. Алайда зерттеу нәтижесі бұрын берілген геологиялық зерттеулердің қорытындысымен сәйкес келіп, еш қауіп жоқтығы анықталған.

Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы аталған мектеп құрылысының құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 500 млн теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, қыркүйек айында құрылыс жұмыстары басталған.

Таңбалар: жаңақорғанмектептеңге

Ұқсас мақалалар

Бүгін елімізде 380 мыңнан аса бүлдіршін мектептің бірінші сыныбына барды
Жаңалықтар

Бүгін елімізде 380 мыңнан аса бүлдіршін мектептің бірінші сыныбына барды

01.09.2026
Жаңақорғандағы жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті
Жаңалықтар

Жаңақорғандағы жазғы лагерьде оқушылармен профилактикалық кездесу өтті

04.08.2026
Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған вокзалдар ел игілігіне ұсынылды
Аймақ

Жаңақорған мен Шиеліде қайта жаңғыртылған вокзалдар ел игілігіне ұсынылды

27.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist