10 Қазан, 05:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Заңгер Назарбаевтың отставкаға кетуін талап етті

27 Ақпан 2020 13:57
- Әлеумет, Жаңалықтар
Заңгер Назарбаевтың отставкаға кетуін талап етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 27 ақпан. Кеше елордада қала тұрғыны, ардагер заңгер Антон Фабрый бір адамдық пикет өткізіп, қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, депутаттар корпусының орнынан кетулері мен, 1995 жылғы Конституцияны жоюды талап етті. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.

-«Мен бүгіннен бастап жеке пикетімді тұрақты түрде өткізетінімді мәлімдеймін. Пикетке шыққан адамдарға тиіспеуді талап етемін. Мәселенің бәрі Назарбаевта және ол басқарып отырған қауіпсіздік кеңесінде. Ал 1995 жылғы Конституция іс жүзінде Назарбаевтың елді жеке билеп-төстеуіне жол салып берді. Сондықтан мен сол Конституцияға қарсымын, мен Назарбаев басқарып отырған қауіпсіздік кеңесіне қарсымын», – деді ол.

Фабрый бір адамдық пикетке шыққандар заңмен жазаланбауы тиіс деп санайды.

Пикет кезінде Фабрый өзінің жеке фирмасы құзырлы органдардан жапа шеккенін айтты. Сөзінше, құзырлы органдар үстінен қанша мәрте арызданғанымен шағымдары қаралмаған. Осыдан кейін «салықтан айлық алып отырған органдар ісімді қарамады» деп салық төлеуден бас тартқан. Фабрый «органдар арызымды қараудың орнына фирманың есепшотын жауып тастады», деді. Ол фирмасының есепшоты жабылғанын растайтын құжаттарды да ұстап тұрды.

Антон Фабрый – 2010 жылдан бері биліктің заңға қайшы әрекеттерін әшкерелеуге тырысып келе жатқан белсенді. Ол былтыр тамызда және желтоқсанда «Конституцияның мемлекет пен қоғамдағы рөлі» жайлы митинг өткізу үшін Астана қаласы әкімдігіне бірнеше рет арыз қалдырғанымен, билік митингіге рұқсат бермеген. Ол биліктің шешімін де бірнеше рет сотқа шағымданған. Бірақ шағымы қанағанаттандырылмаған.

Қазақстанды отыз жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаев былтыр наурызда президенттіктен кетті. Бірақ ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының лидері ретінде биліктің бір тармағын әлі ұстап отыр. Назарбаевтың орнына президент болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформа жасайтынын, бейбіт митинг, саяси партия туралы заңды өзгертетінін айтқан. Бірақ сыншылар Тоқаевтың уәдесі орындалмағанын, ол әлі Назарбаевтың ықпалынан шыға алмай отырғанын мәлімдейді. Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева қазір сенат спикері болып отыр.

Қазақстанда жұрт митингіге шығу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Жергілікті әкімдіктер түрлі себеппен митингіге рұқсат ете бермейді. Елде рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылып, қатысушылары ұсталады.

Таңбалар: Антон Фабричныйпикет

Ұқсас мақалалар

Елді аяусыз тонаған Назарбаев атында көше болмауға тиіс – Орал тұрғыны
Жаңалықтар

Елді аяусыз тонаған Назарбаев атында көше болмауға тиіс – Орал тұрғыны

01.03.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist