10 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түрікменстанда Ниязовтың мүсіндері қоқысқа шығарып тасталды

1 Мамыр 2021 16:32
- Жаңалықтар, Тіршілік
Түрікменстанда Ниязовтың мүсіндері қоқысқа шығарып тасталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АШХАБАД. 1 мамыр. Түрікменстанның бұрынғы президенті, марқұм Сапармурат Ниязовтың мүсіндері қажетсіз нәрсе ретінде күл-қоқыстарға шығарып тастала бастады. Бұл туралы Turkmen.news хабарлады.

Портал тілшілері ел байтағындағы мекемелердің бірінің ауласындағы күл-қоқыс салынатын жәшіктер жанынан түрікменбашы Сапармурат Ниязовтың бюстін тауып алған. Зерттей келгенде, экс-президенттің тас мүсіндері соңғы уақыттары керексіз зат ретінде мекемелер кеңсесінен шығарып тасталып жатқаны белгілі болды. Бірақ мұндай нұсқаудың жоғарыдан берілген-берілмегенін анықтау мүмкін болмаған.

«Марый велаятындағы ұйымдардың бірінің ауласынан әлдеқандай бір гипс мүсін табылған. Бірақ онда кімнің бейнеленгенін білу көп қиындық туғызбаған. Мұқият қараған адам оның тәуелсіз Түрікменстанның бірінші президенті Сапармурат Атаевич Ниязовтың кескіні екенін бірден ажырата алады», – делінген хабарламада.

Сапармурат Ниязов республиканы 1985-2006 жылдар аралығында басқарды. Бастапқыда ол Компартия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болса, кейін президент атанды, ал 1999 жылы мәңгі президент болып «сайланды».

Ниязовқа көзі тірісінде «Түрікменбашы», яғни «барлық түрікмендердің басшысы» атағы берілді. Сонымен бірге оған ұлт көсемі ретінде «сердар» (бізше – сардар, яғни қолбасшы) деген титул қоса таңылды. Сол кезде мемлекет басшысының ескерткіш мүсіні елдегі барлық мекемелердің кеңселерінде тұрды. Президенттің кескін-келбеті портртеттерден бөлек, түрікменнің қалы кілемдерінің бетіне тоқып салынды, олардың бәрі офистер мен сарайларға ілініп қойылды. Бұдан бөлек, президенттің профилі көрсетілген значоктарды шенеуніктер кәстөмдерінің өңірлеріне тағып алып жүрді.

Ашхабадта Ниязовтың Күнді айналып тұратын алтыннан құйылған алып ескерткіші де болып еді.

Бүгінде соның бәрі біртіндеп құрып келе жатыр.

«Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды» деген осы шығар…

Ниязов 2006 жылы кенеттен қайтыс болып кетіп, оның орнына Гурбангулы Бердымухамедов келді.

Таңбалар: бюстСапармурат НиязовТүрікменбашы

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist