15 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 450.62 ₸
EUR EUR 504.2 ₸
RUB RUB 5.36 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тоқаев Түркі тілдері мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысты

11 Сәуір 2020 08:35
- Жаңалықтар, Қоғам
Тоқаев Түркі тілдері мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 11 сәуір. Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің (ТТМЫК) кезектен тыс отырысына қатысты. Бұл туралы «Ақорда» баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Platon.asia хабарлады.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «СОVID-19 пандемиясымен күресудегі ниеттестік және ынтымақтастық» тақырыбында бейнеконференция форматында өткен Түркі мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің төтенше отырысының жұмысына қатысты», – делінген хабарламада.

Іс-шараның күн тәртібіне Түркі кеңесінің қатысушы-елдер арасындағы сауда және транзитті-көліктік байланыстар, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық, азаматтарға қажетті көмектерді көрсету мәселелері енгізілді. Қатысушылар коронавирус инфекциясына қарсы күрестің ұлттық деңгейінде қабылданып жатқан шаралар жайлы ақпарат алмасты.

Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бөлек, ТТМЫК-ға мүше мемлекеттердің басшылары – Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Түркия Президенті Реджеп Таийп Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, шағырылған қонақ ретінде Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, сондай-ақ Түркі кеңесіне бақылаушы мәртебесіне ие Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қатысты. Олардың бәрі өздерінің кабинеттерінде отырып, өзгелермен пікір алмасып тұрды.

Қазақстанның Мемлекет басшысы Түрік кеңесінің кезектен тыс отырысының өтуіне бастамашы болған Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сындарлы сәтте бүкіл әлемнің қауымдастығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына үлкен үміт артатынын атап өте келіп, оның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуске қарата тіл қатты.

Қазақстан Президентінің пікірінше, бүгінгі таңда бірлескен күш-жігерлерінің арқасында өзінің халықаралық беделі мен ықпалын арттырып келе жатқан Түрік кеңесі толыққанды көп қырлы платформаға айналған.

Мемлекет басшысы өзінің назарын Түрік кеңесі кезектен тыс саммитінің күллі әлемге коронавирус тарап кету қаупі төніп тұрған кезде өткізіліп жатқанына аударды. Оның ойынша, пандемияны залалсыздандырып, жеңіп шығу үшін эпидемияға қарсы шаралар, диагностика мен емдеудің инновациялық тәсілдері жөніндегі ақпараттармен шұғыл алмасып, өзара іс-әрекеттерді үйлестіріп тұру мәселелерін жолға қою керек.

Тоқаевтың сөзінде осы қиын-қыстау кезеңде өзара көмек пен қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.

«Қазақстан да бауырлас мемлекеттер азаматтарына жан-жақты көмек беретін болады. Біз Қырғызстан мен Тәжікстанды қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін біз олардың әрбіріне бес мың тоннадан ұн жібердік», – деп еске түсірді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті саммит қатысушыларын елімізде коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар, халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау және экономиканы ынталандыру туралы егжей-тегжей хабардар етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңдағы жаһандық дағдарысқа тойтарыс беру үшін ТТМЫК елдерінің басшыларын ортақ күш жұмылдыруға шақырып, бірқатар бастамаларға тоқталды.

Біріншіден, Мемлекет басшысы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіріп, нақты шаралар қабылдау қажеттілігін аттап өтті.

«Бүгінде әлемнің барлық дамыған елдері вакцина дайындаумен айналысып жатыр. Меніңше, біздің де осы үрдіске барынша үлес қосуға мүмкіндігіміз бар. Жақында Қазақстанның ғылыми институттары коронавирусты анықтайтын диагностикалық тест жүйесін әзірледі. Біз осы тәжірибені бөлісуге дайынбыз», – деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.

Екіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда Түркі кеңесінің хатшылығы әзірлеп жатқан, өткен жылы ұсынылған «Түркі келешегі – 2040» атты бағдарламаны еске салды.

«Осы стратегиялық құжатты әзірлеу кезінде медицина саласына баса мән беру қажеттігіне назар аударғым келеді», – деді ол.

Бұдан басқа, Қазақстан Президенті пандемияның Түркі кеңесі елдері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасқа өзінің көлеңкесін түсіретінін атап өтті. Ол осыған орай кездесіп отырған қиындықтарды еңсеру мақсатында бірлескен «Іс-қимыл жоспарын» әзірлеуді ұсынды.

«Бұл құжатта өзара сауданы және инвестицияны ынталандыру шаралары көрсетілуі тиіс. Бұл тұрғыда Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының және Түркі инвестициялық қорының жұмысын жаңғыртсақ, бәрімізге тиімді болары анық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Экономикалық ынтымақтастық саласын жалғастыра келе, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі дағдарыстан кейін бүкіл әлем бойынша мүлдем басқа экономика қалыптасатыны туралы ой білдірді.

«Аталмыш құжатта өзара сауда мен инвестицияны ынталандыру шаралары қарастырылуы керек. Егер Түркі сауда-өнеркәсіп палатасы мен Түркі инвестициялық қорының жұмысын жандандыра түссек, бұл жоспар жұрттың бәріне тиімді болады», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев тақырыпты жалғастыра отырып, бүкіл әлемді жайлап жатқан қазіргі дағдарыс енді мүлде жаңа экономиканы дүниеге әкеледі, деген пікір білдірді.

«Қазірдің өзінде экономика жедел түрде цифрлық платформаға көшірілуде. Халықаралық сарапшылардың болжамына сәйкес екі мың жиырма үшінші жылы әлемде электрондық коммерция нарығы 2,8 триллион долларға дейін өседі. Соған дайын болу – болашақта тұрақты дамудың және бәсекеге қабілетті болудың кепілі», –  деді Президент.

Сөз соңында Қазақстан Президенті коронавирус індетін еңсергеннен кейін ынтымақтастыққа жаңа серпін берудің жайын ойластыруды, халықтарымыздың қауіпсіздігі мен елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды ету үшін Түркі кеңесі елдерімен тізе қосып жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Саммиттің қорытысында мемлекеттер басшылары бірлескен Декларация қабылдады.

Таңбалар: түркі кеңесі

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

    Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

  • Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Қазақстан мен ДДҰ климат өзгерісінің тұрғындар денсаулығына әсерін талқылады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.62 ₸
EUR EUR 504.2 ₸
RUB RUB 5.36 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist